top of page
Фото автораShishkin_like

Әлеуметтік желіде ақпаратты қалай іздейміз?


Әлеуметтік желі адамдар мен оқиғалар туралы өте ауқымды ақпарат қоймасына айналды. Бүгін біздің авторымыз Кристина Опёнкова Factcheck.kz редакциясымен бірлескен жоба шеңберінде негізгі әлеуметтік желілерде ақпарат іздеудің әдіс-тәсілдері туралы баяндайды.


І бөлім: Facebook


II бөлім: Twitter, Вконтакте мен Telegram


III бөлім: Instagram мен TikTok, Google көмектеседі


«Маңызды мәселе туралы толығырақ» арнайы жобасы

Бұл жарияланымды Internews жүзеге асыратын «Серпінді орта қалыптастыру жолында әртүрлі ақпаратпен әрекеттесу және орнықтылық» (REVIVE) жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек қана «Shishkin like» жауап береді және Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдіруі міндетті емес.


І бөлім: Facebook желісінде іздеу


Facebook желісінде іздеу әдісі әртарапты болуымен ерекшеленеді, ол басқа әлеуметтік желілердегі іздеу әдістеріне ұқсамайды. FB фото, видео, пайдаланушы, орын, іс-шара, жарияланым мен топтарды жеке-жеке іздеуге мүмкіндік береді.


Мәселен, белгілі бір елдегі немесе жалпы бүкіл жердегі түрлі наразылық акциялары туралы жарияланымды іздеп табуыңыз керек болса, іздеу жолағына «наразылық» деп жазасыз, «Жарияланымдар» категориясын таңдайсыз, содан кейін оқиғаның болған уақытын (іздеу 2004 жылдан бері қарайғы жарияланымдарды тауып береді), болған жері мен дереккөзді (мысалы, жалпыға ортақ жарияланымдар) сүзгі көмегімен енгізесіз. Сонда Facebook көрсетілген мерзім мен таңдалған жердегі наразылық туралы орыс тілінде жарияланған (егер FB-да осы тілді пайдаланатын болсаңыз) ашық (баршаға арналған) жазбаларды шығарып береді.


Егер адамды табу керек болса, «Адамдар» категориясын таңдап, сұрауға тиісті ақпаратты енгіземіз (тұрғылықты қаласы, білімі, жұмыс орны). Біз Канаданың Торонто қаласында тұратын, фамилиясы Roberts деген кісіні іздейміз (иллюстрацияны қараңыз).


Суретті іздеу де осылай: алдымен нақты сұрауды жазып, содан кейін сүзгіні пайдаланамыз. Мысалы, «Фото» категориясында «вакциналау» сөзін таңдап, уақытты «2021 жыл» деп көрсетсек, ал орны дегенде «барлық жерді» таңдасақ, осы белгіленген мерзім ішінде вакциналау тақырыбында фото жариялаған пайдаланушылардың жазбасын көре аламыз.


Видео іздегенде іздеу нәтижесін тек үш сүзгі бойынша сұрыптау мүмкіндігі бар, олар: өзектілігі, жарияланған күні және тікелей эфир.


Facebook желісінде іздеудің балама жолы – Google немесе Яндекс жүйелерінде нақтылау үшін арнайы командаларды пайдалану. Біз іздеу кезіндегі ең қажетті деген командаларды жариялап отырмыз.


« » — тырнақша енгізілген сөздер дәл сол тәртіппен орналасқан жарияланым, фото немесе видеоны іздеу қажет екенін Facebook-ке хабарлайды. Мысалы, «Алматыдағы 70-жылдардағы құрылыс» (иллюстрацияны қараңыз).


+ — «плюс» операторы бір сөйлем ішіндегі сөзді табу үшін қолданылады. Ол үшін сөздердің арасына белгіні қою керек. Мысалы, Қазақстандағы демалыс+шатқал (иллюстрацияны қараңыз).


II бөлім


Twitter желісінде іздеу


Іздеу үшін кілт сөздер мен тіркестерді жазу керек. Сонымен бірге, іздеу операторларын пайдалануға болады, мысалы, сөз тіркесі дәл сәйкесуі үшін тырнақшаны («»), іздеу нәтижесінен белгілі бір сөздерді алып тастау үшін алу белгісін (–), хештег бойынша іздеу үшін торды (#) пайдаланып, пайдаланушыны белгілеу үшін «@» белгісін қою керек.


Мәселен, бағанағы «вакциналау» деген кілт сөзді пайдаланып, бірақ оның ішінде Қазақстан, Ресей туралы емес, тек Еуропа туралы айтылған болсын делік. Бұл жағдайда біз «Еуропа» «вакциналау» деген сөздер кездесетін жарияланымдарды аламыз (суреттерді қараңыз). Twitter желісінде қарапайым іздеу кезінде жарияланған күніне сүзгі қою тетігі жоқ, мұнда тек «кең тараған твиттер» мен «соңғы» жарияланған твиттерді таба аламыз.


Пайдалы құралдың бірі — https://socialbearing.com/ – твит, геотвит және Twitter қолданушыларын іздеу сервисі.





Telegram желісінде іздеу


Telegram желісінде түрлі сүзгі бойынша іздеу тетігі жоқ. Чаттар, топтар мен арналардан ақпарат, хабарлама, файл іздеу үшін кілт сөздерді пайдалану керек.



Вконтакте желісінде іздеу


Пайдаланушы туралы ақпарат табу үшін желінің өзінің іздеу қызметін пайдаланып, аты-жөні, тұратын аймағы, білімі, жасы сияқты тиісті деректер мен басқа да өзіңізге белгілі қосымша мәліметтерді енгізе аласыз.


Тура осындай тәсілмен қажетті видеоны немесе қауымдастықты да іздеп таба аласыз. Ол үшін жай ғана өзіңіз іздеп отырған оқиғамен байланысы бар кілт сөздерді енгізіп, қажет болған жағдайда, нәтиже нақтырақ шығуы үшін қосымша сүзгілерді пайдалануға болады. Сүзгі әртүрлі болуы мүмкін: контент түрі, жарияланған күні, категориясы және тағы басқа. Нақты жарияланған күнін көрсете отырып, фото немесе ақпарат іздеу мүмкіндігі жоқ.



III бөлім: Instagram, Google мен TikTok желісінде іздеу


Бұл екі желіде де кілт сөз бойынша мәлімет тауып беретін өзінің іздеу жүйесі бар. Мәселен, Tik-Tok пен Instagram-да контент іздеу үшін белгілі бір тақырып бойынша видео, сурет, Stories, Reels сияқты мәліметтерді топтастыратын хештегтерді пайдалану керек.


Пайдаланушыларды іздеу үшін «@» белгісін қойып, пайдаланушының аты-жөнін енгізесіз. Instagram арқылы белгілі бір жерді табу үшін геотегтерді пайдалану керек. Ол үшін іздеп отырған жеріңіздің атын немесе онымен байланысы бар кілт сөзді енгізіңіз (мысалы, қаланың, мейрамхананың, саябақтың аты). Орынды таңдағаннан кейін сондай геотег қойылған барлық жарияланымды көресіз. Дегенмен, пайдаланушылардың барлығы бірдей геотег қоймайтынын да ескеру керек. Ал Tik-Tok желісінде мұндай тетік мүлдем жоқ.


Ән немесе аудио іздеп табу үшін Tik-Tok немесе Instagram-ның мобильдік нұсқасын пайдалану керек. Екі желінің де іздеу жолағына алдымен сұрауды жазып, содан кейін «Музыка» (Tik-Tok), «Аудио» (Instagram) деген бөлімдерді таңдау керек.


Google көмектеседі


Google іздеу жүйесіндегі операторлар сұрауларды нақтылау үшін керек. Таратып айтсақ, «site:» деген іздеуді белгілі бір сайт аясында жүзеге асырады. Мысалы, «site:instagram.com Алматы мейрамханалары» деп іздесеңіз, нәтиже тек қана Instagram-да көрсетілген қоғамдық тамақтану орындарын ұсынады.


Айтпақшы, Google көмегімен Instagram және Tik-Tok желілеріндегі жазбаларды жаряланған күні бойынша іздеуге болады, бұл тетік аталған платформалардың стандарт іздеу жүйесінде жоқ. Google іздеу жүйесіне нақты сұрау енгізіп көрейік:


site:tiktok.com Абай облысындағы өрт

немесе

site:instagram.com Абай облысындағы өрт

Көріп отырғанымыздай, осы тақырып бойынша TikTok пен Instagram-да жарияланған сан түрлі және көптеген жарияланым алдымыздан шығады (иллюстрацияларды қараңыз).




@Shishkin_like арнасына жазылу

Похожие посты

Смотреть все
bottom of page